27 желтоқсан 2015 12:25

Каньяс "Астана" футбол клубымен келісімшартын ұзартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рохер Каньяс Рохер Каньяс

"Астананың" жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс елордалық клубпен келісімшартын ұзартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астананың" жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс елордалық клубпен келісімшартын ұзартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Колумбиялық футболшы мансабын Қазақстанда жалғастыруды жөн көріпті. 25 жастағы жартылай қорғаушы екі жыл бұрын Донецк қаласының "Металлург" клубында өнер көрсеткен еді, дегенмен медициналық тексеруден кейін оның тек бір бүйрегі бар екені анықталған. Осыдан кейін клуб өкілдері футболшымен келісімшартты үзді.

"Каньяс тәуекелге бармай, "Астана" ұсынған келісімшартты қабылдады. Оған польшалық клуб та қызығушылық танытқан еді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда ол "Шахтер" клубында еурокубок турниріне қатысты. Кейін "Астанаға" ауысып, Чемпиондар лигасында сәтті ойын көрсетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети