08 қаңтар 2016 10:55

Қарағандылық "Шахтер" клубының футболшысы Playboy моделіне үйлену туралы ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Благовеста Бонбонова. © zlina.org Благовеста Бонбонова. © zlina.org

Қарағандылық "Шахтер" клубының футболшысы Playboy моделіне үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қарағандылық "Шахтер" клубының футболшысы Playboy моделіне үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарағандылық "Шахтер" клубының қорғаушысы, болгариялық Пламен Димов өзінің сүйіктісі, модель Благосвета Бонбоноваға үйлену туралы ұсыныс жасады, ол Maxim мен Playboy журналдарының мұқабасына түскен.

Sportal.bg басылымының мәліметінше, 25 жастағы футболшы ұсынысты Жаңа жыл түнінде жасаған. Әлеуметттік желілердегі жазбаларға қарағанда, қыз "иә" деп жауап бергенге ұқсайды және қос ғашықтың жариялаған суреттерінен неке жүзіктерін көруге болады.

"Пламен барлығын керемет ұйымдастырды. Тура түн жарымы болғанда және отшашулар атылғанда ол Благосветаның алдында тізерлеп тұрып, ұсыныс жасады. Керемет романтика", - деді оқиғаға куә болғандардың бірі.

Айта кетейік, Димов өткен маусымды қызылордалық "Қайсар" құрамында бастады және екі матч өткізіп, бір ғана гол соғып үлгерді. Жазда ол қарағандылық "Шахтер" клубымен келісімшартын аяқтады, ол бұл клубтың құрамында он матч өткізіп, екі гол соққан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети