05 маусым 2014 11:26

"Каспий кубогында" соңынан санағанда екіншіміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан – Түркия. Фото: affa.az Қазақстан – Түркия. Фото: affa.az

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бакуде "Каспий кубогы" додасына қатысып, 12 команданың ішінде 11-орынмен шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бакуде "Каспий кубогы" додасына қатысып, 12 команданың ішінде 11-орынмен шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әзірбайжан астанасындағы теңбіл доп додасына 11 елден жасөспірімдер арасындағы 12 құрама қатысты. Атап айтқанда, Әзірбайжан осы доданың қожайыны ретінде 16 және 17 жасқа дейінгі қос құрамасын үкілеп қосса, Қазақстан, Түркия, Иран, Болгария, Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан және Ауғанстан U-17 құрамаларын сынақтан өткізіп алғанды жөн санапты.

Осы 12 команда төртке бөлініп, әуелі топтық кезеңде додаға түсті. Константин Фролов жаттықтыратын Қазақстан U-17 құрамасы Түркия және Өзбекстан бозбалаларымен бір топқа түскен болатын.

Бірінші Түркия жастарымен кездесіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз голды қорғаушы Әлібек Қасым соқты.
Бұл ештеңе емес екен... "Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің" демекші, ойсырай ұтылғанның көкесін Өзбекстан өрендерімен кездескенде көрдік.

Біздің 17 жасқа дейінгі құрамамыз ала шапанды көршілеріміздің жас футболшыларынан 1:8 есебімен күйрей ұтылып, ұятқа қалдырды...  Ал түрік және өзбек жеткіншектері арасындағы матчта Түркия таланттары 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Содан әр топтың үздіктері 1-4-орындарды сарапқа салды. Ал өз топтарында екінші орын алған құрамалар 5-8 орындарға таласты. Төрт топта соңғы орынға табан тірегендер 9-12 орындар үшін додаға түсті.

Сенім артқан жеткіншектеріміз аутсайдерлер арасындағы соңғы төрттікте де жетістірмеді. Грузия U-17 құрамасынан кездесіп, 1:5 есебімен оңбай ұтылып, тағы да жасытты.

Тек 11-орын үшін Ауғаныстан бозбалаларымен кездескенде, 3:0 есебімен басым түсіп, әйтеуір бір ойында жеңіске жетті. Сөйтіп, "Каспий кубогы" додасына қатысқан 12 команданың ішінде көш соңында қалды.

Жеткіншектеріміздің "Каспий кубогындағы" ойындары:

Қазақстан U-17 – Түркия U-17 – 1:3
Қазақстан U-17 – Өзбекстан U-17 – 1:8
Қазақстан U-17 – Грузия U-17 – 1:5
Қазақстан U-17 – Ауғаныстан U-17 – 3:0

"Каспий кубогының" шешуші ойындары:

11-орын үшін: Қазақстан U-17 – Ауғаныстан U-17 – 3:0
9-орын үшін: Грузия U-17 – Әзірбайжан U-16 – 1:0
7-орын үшін: Қырғызстан U-17 – Өзбекстан U-17 – 1:0
5-орын үшін: Жапония U-17 – Болгария U-17 – 1:0
3-орын үшін: Әзірбайжан U-17 – Тәжікстан U-17 – бүгін кешке
1-орын үшін: Иран U-17 – Түркия U-17 – бүгін кешке

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети