Футболдан "Қайрат" клубы "Астананы" жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболдан "Қайрат" клубы "Астананы" жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 4 наурызда Алматыда өтіп, "Қайрат" клубы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші қауіпті сәтті қонақтар жасады. Төртінші минутта "Астана" клубының форварды Жуниор Кабананга қарсылас команданың айып алаңына кірген, бірақ сол аяқпен жасаған соққыдан доп қақпадан қисық кетті.
Кейін командалар сақ ойнауға тырысты. Астана алыстан пас беру әдісін қайта-қайта қолданды. Ал "Қайрат" ойыншылары қысқа пастармен ойнауды ұйғарды. Алайда бірінші таймда есеп ашылмады.
Екінші таймда Жерар Гоу есеп аша жаздады, бірақ ол тиімді тұстан сәтсіз соққы жасады.
Ал 75-ші минутта Бауыржан Исламхан сол қанаттан пас асырып, орнынан табылған Сезар Арзо допты қақпаға бағыттап, гол соқты.
Соңында "Астана" есепті теңестіруге жақын қалды, бірақ Плотников допты қағып жіберді. Ал қосымша минуттарда "Қайрат" ойыншылары жылдам шабуыл жасап, Исламбек Қуат қақпаны дәл көздеді.
Айта кетейік, Алматылық және елордалық клубтар осымен үшінші рет финалға шығып отыр.