14 шілде 2017 09:33

"Қайрат" Еуропа лигасында "Скендербеуді" жеңу мүмкіндігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 "Кайрат" - "Скендербеу" матчынан. © Wladimir Dmitriyev "Кайрат" - "Скендербеу" матчынан. © Wladimir Dmitriyev

"Қайрат" футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Скендербеуге" қарсы бірінші ойында 1:1 есебімен тең түсті. Алматыдағы ойында алаң иелері есептегі басымдығын сақтап қала алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Ойында бірінші болып 10 минутта Жерар Гоу "Қайратты" алға шығарды. Албаниялық команда шабуылда ширақ ойнап, бірінші таймда-ақ таразы басын теңестіруге ұмтылды. Кахабер Цхедадзе шәкірттері қарымта шабуылға иек артумен болды.

Екінші таймда "Скендербеу" ойыншылары есепті теңестірді. 72 минутта Бакари Нимага "Қайрат" қақпасы алдындағы қарбаласта гол соғып, командасына маңызды нәтиже сыйлады. Ойын аяқталғанша "Қайрат" командасы ойыншыларының кезекті рет есепте алға шығуына мүмкіндігі болғанмен, сәттілік серік болмады.

Қос команда арасындағы қарымта ойын шілденің 20-нан 21-не қараған түні Албанияның Корчи қаласында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети