17 шілде 2015 11:27

"Қайрат" футболшылары "Алашкерт" командасының қақпасына допты 9 рет дәл тепті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қайрат" ФК сайты © "Қайрат" ФК сайты

"Қайрат" футболшылары "Алашкерт" командасының қақпасына допты 9 рет дәл тепті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жалпы Алматының "Қайрат" командасының футболшылары Еуропа лигасының екінші квалификациялық раундының бірінші матчында Арменияның "Алашкерт" командасының қақпасына допты 21 рет тепкен.

Олардың тоғызы нысанаға дөп келді. "Қайрат" ойыншыларының қақпаға тепкен добы алты рет мүлт кетті, тағы алтауында "Алашкерт" ойыншылары тосқауыл болды. Қонақтар "Қайрат" қақпасына допты тоғыз рет тепті, олардың алтауы нысанаға дәл келіп, үшеуі мүлт кетті.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Матчта есепті 14 минутта "Қайрат" командасының капитаны Бауырдан Исламхан 11 метрлік айып добы арқылы ашты. Екінші таймның басында (55-ші минут) Жерар Гоу екінші голды салды. Ал "Қайрат" командасына жаңадан келген ойыншы Джордже Деспотович 69 минутта есепті 3:0-ге жеткізді. Командалар арасындағы қарымта кездесу 23 шілдеде Ереванда өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети