21 желтоқсан 2015 09:38

"Қайрат" футзалдан Қазақстан Кубогын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қайрат" © "Қайрат"

Алматылық "Қайрат" клубы футзалдан Қазақстан Кубогын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің финалында Какаудың шәкірттері "Астана-Тұлпар" клубынан басым түсті.


Алматылық "Қайрат" клубы футзалдан Қазақстан Кубогын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің финалында Какаудың шәкірттері "Астана-Тұлпар" клубынан басым түсті.

Алматыдағы "Зенит" спорт кешенінде өткен кездесу 6:0 есебімен "Қайраттың" пайдасына шешілді. Бірінші таймның өзінде "Астана-Тұлпар" қақпасына төрт доп соғылды. Дуглас 10 және 13-ші минуттарда дубль жасаса, оның соңынан Дінмұхамбет Сүлейменов (16) пен Игорь (18) тағы бір голдан салды. Екінші таймның 23-ші минутында Дуглас хет-трик жасады. Ал жеті минут өткен соң Шыңғыс Есенаманов бұрын өзі ойнаған командасының қақпасына тағы бір доп соқты.

Осылайша "Қайрат" өз тарихында 11-ші рет және төрт рет қатарынан Қазақстан Кубогын иеленіп отыр. Турнирде қола жүлде "Ұшқын-искра" командасын жеңген "Аят" клубына бұйырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети