21 қараша 2015 17:15

"Қайрат" Қазақстан Кубогы үшін болған ойында "Астана" клубын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайрат" клубы футболдан Қазақстан Кубогын иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Астана" клубымен өткен кездесу 1:2 есебімен алматылық команданың пайдасына шешілді.


Алматылық "Қайрат" клубы футболдан Қазақстан Кубогын иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Астана" клубымен өткен кездесу 1:2 есебімен алматылық команданың пайдасына шешілді.

Кездесу "Астана Арена" стадионында өтті. Ойын қызу басталмаса да, қонақтар қақпаға бірнеше рет қауіп төндіре білді. Дегенмен ойынның 28-ші минутында Патрик Твумаси "Қайраттың" қақпасына гол салып, есеп ашты. Осылайша алғашқы тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Гол жіберіп алған алматылық клубтың ойыншылары бірден шабуылға көшті. Деспотович кездесудің 48-ші минутында "Астана" қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Араға бірнеше уақыт салып, яғни ойынның 70-ші минутында Деспотович дубль жасау арқылы командасына тағы бір ұпай алып берді.

Ойын соңында төреші 5 минут қосымша уақыт берді. Астаналықтар соңғы минуттарды өз пайдасына шешуге тырысқанымен, "Қайрат" жеңісті берген жоқ. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, осы кезеңде бұған дейін елордалық клубтың футболшылары алматылықтарды екі рет жеңіп, Қазақстан Суперкубогы мен чемпиондық атаққа ие болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети