03 наурыз 2016 12:29

"Қайрат" клубының жаңа құрамын таныстыру шарасына Аршавин келмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ntv.ru © Ntv.ru

Алматының "Қайрат" клубы футболдан Қазақстан чемпионатының жаңа кезеңінің басталуына байланысты 3 наурызда өз базасында іс-шаралар өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматының "Қайрат" клубы футболдан Қазақстан чемпионатының жаңа кезеңінің басталуына байланысты 3 наурызда өз базасында іс-шаралар өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Іс-шара кезінде клубтың жаңа мүшелерінің таныстырылымы өтеді. Еске салайық, "Қайраттың" құрамын голкипер Андрей Сидельников, қорғаушы Лукаш Тесак және жартылай қорғаушы Ян Вороговский толықтырған болатын. "Қайрат" клубына ауысуға жақын қалған Андрей Аршавин шара кезінде әзірше бой көрсетпеді.

Айта кетейік, ресейлік спортшы ақпанның соңынан бері Алматыда жүр, ол осыған дейін командамен бірге бірнеше жаттығу өткізіп үлгерді. Оның жақын арада алматылық клубпен келісімшартқа отыратыны хабарланған еді. Дегенмен Аршавиннің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Сонымен қатар, әйгілі "Арсенал" мен "Зенит" клубтарының экс-ойыншысының алматылық клубқа ауысуын мамандар күмәнді шешім деп атады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети