29 маусым 2017 22:52

"Қайрат" командасы литвалық "Атлантас" клубын ойсырата жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайрат" командасы Еуропа лигасының бірінші айналымында литвалық "Атлантас" клубын қабылдап, ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Алматының орталық стадионында өткен кездесу 6:0 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына шешілді. 


Алматылық "Қайрат" командасы Еуропа лигасының бірінші айналымында литвалық "Атлантас" клубын қабылдап, ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Алматының орталық стадионында өткен кездесу 6:0 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына шешілді. 

Кахабера Цхададзе шәкірттері бірінші таймда-ақ қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол салып, тізе бүктірген. 21-ші минутта Жерар Гоу қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Бес минут өткенде Георгий Жуков пенальти алып, команда капитаны Андрей Аршавин оны сәтті орындады. 30-шы минутта Жуков алаңнан кетуіне тура келіп, оның орнына шыққан Иво Иличевич екі минуттың ішінде көзге түсті. Бірінші тайм аяқталар сәтке үш минут уақыт қалғанда Аршавин өзінің екінші голын салып кетті. 

Екінші тайм қарсылас команда үшін сәтсіз басталды. Иличевичке қарсы айып алаңында дөрекі ойнағаны үшін, "Аллантас" қақпасына екінші рет пенальти тағайындалып, Жерар Гоу екінші голын салды. 73-ші минутта Иличевич те қарсыластар қақпасына екінші голын салып кетті. 

Қарымта ойын 6 шілдеде Литвада өтеді. Екінші айналымда осы кездесудің жеңімпазы "Скендербеу" - "Сан-Хулиа" жеңімпазымен кездеседі. 

Осыған дейін, "Ертіс" командасы Еуропа лигасының бірінші айналымында өз алаңында болгариялық "Дунав" командасын жеңді. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голдың авторы павлодарлық клубқа жаңадан ауысып келген молдовалық шабуылшы Игорь Бугаев болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети