21 шілде 2017 09:51

"Қайрат" пен "Ертіс" Еуропа лигасынан шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" футболшылары албаниялық "Скендербеу" клубынан жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Қайрат" футболшылары албаниялық "Скендербеу" клубынан жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі Корче қаласында өтті, матч 2:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда "Қайрат" пен "Скендербеу" гол соға алмады. Бастапқыда алаң иелері басым болған, алайда қонақтар жағдайды теңестірсе де гол соғатын мүмкіндік болмады. 

Екінші таймда "Скендербеу" жеңісті қолдан бермеді. 58-минутта соғылған шешуші голдың авторы албандардың жартылай қорғаушысы Сабиен Лиляй болды, ол тринидадтық қорғаушы Шелдон Батоның қателігін өз пайдасына асырды. "Қайрат" бір гол жіберіп алғаннан кейін белсенді болған, алаңға қорғаушы Елдос Ахметовты хорват хавбегі Иво Иличевич алмастырып шықты. 75-ші минутта Лиляй сары қағаз алып, алаңнан шығып қалды. 

"Скендербеу" аз құрамда ойнаса да басымдықты бермеді, 75-ші минутта хавбек Бакари Нимаганың гол салатын мүмкіндігі болған, алайда "Қайрат" голкипері Стал Покатилов орнынан табылып, допты қақпаға жібермеді. Алайда бірер сәттен кейін қақпашы қателесіп, "Скендербеу" форварды Себино Пляку 83-ші минутта екінші голды салып кетті. Ал 86-шы минутта Арзо қарсыласына соққы жасап, қызыл қағазбен алаңнан қуылғаннан кейін "Қайраттың" мүмкіндігі түгесілді. 

"Қайрат" пен "Скендербеудің" Алматыда өткен алғашқы матчы 1:1 есебімен аяқталған еді. Осылайша албан клубы 3:1 есебімен Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, бұл кезеңде олар ирландиялық "Шемрок Роверс" командасын жеңген (3:2 сырт алаңда, 2:0 өз алаңында) Чехияның "Младо-Болеслав" клубымен ойнайды. 

Айта кетейік, "Қайрат" осымен екінші маусымда Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінен өте алмады. Өткен жылы алматылықтар екі кездесудің қортындысы бойынша Тель-Авивтің "Маккаби" командасынан жеңілген еді (1:1, 1:2). Ал мұның алдында "Қайраттың" бас бапкері Кахабер Цхададзенің Еуропа лигасынан шығып қалса, қызметінен кететіні хабарланған еді. 

"Ертіс" футболшылары да сырт алаңда "Црвена Звездадан" жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды. Екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі Белградтағы Райко Митич атындағы стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. 

Осылайша Еуропа лигасында қазіргі уақытта бірде-бір қазақстандық клуб қалмады. Бұл турнирге Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде поляктың "Легия" командасымен матч өткізетін "Астана" командасы өтуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети