09 желтоқсан 2014 19:40

"Кайрат" Смақов пен Кислицынды сатуды ұйғарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самат Смақов. ©Tengrinews.kz Самат Смақов. ©Tengrinews.kz

Алматылық "Қайрат" футбол клубы негізгі құрамдағы екі ойыншысын трансферге шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматылық "Қайрат" футбол клубы негізгі құрамдағы екі ойыншысын трансферге шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нақтылап айтсақ, сатылымға жартылай қорғаушы Самат Смақов пен қорғаушы Александр Кислицын шығарылды. Айта кетейік, екі ойыншы да маусым алды жиынға "Қайрат" құрамына енбеді. Смақов пен Кислицын "Астана" командасынан жеңілген соң шыққан даудан кейін жаттығудан аластатылған бес ойыншының қатарында еді. алматылық клубның басшылығы сол ойында ойыншылардың міндетті спорттық тартыс көрсетпеді деп есептеді. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, "Кайрат" үш футболшымен келісімшартты үзген болатын. "Қайраттан" бірінші болып қақпашы Дмитрий Хомич кетті. Клубтың ресми сайтында келісімшарттың тараптардың келісімі бойынша үзілгені хабарланды. Одан кейін "Қайрат" клубынан Словакия құрамасының қорғаушысы Любомир Михалик кетті. Англияның "Лидс Юнайтед" және Портсмут клубтарында ойнаған 31 жастағы футболшы клубпен келісімшартты үзді. Көп ұзамай алматылық футбол клубы өзінің ресми сайтында команданың жартылай қорғаушысы Артур Едигарянның кеткені жайлы хабарлады. Мұнда да келісімшарт тараптардың ортақ келісімімен үзілгені айтылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети