11 шілде 2014 11:51

"Қайрат" та – Еуропа лигасының екінші сатысында

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Fckairat.kz ©Fckairat.kz

Еуропа лигасындағы "Шахтер" мен "Астананың" жеңісті жолдарын "Қайрат" та жалғап, келесі кезеңге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Еуропа лигасындағы "Шахтер" мен "Астананың" жеңісті жолдарын "Қайрат" та жалғап, келесі кезеңге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қайрат" қарымта кездесуін Албанияда "Кукес" клубымен өткізген болатын. Албания футболының тасы өрге домалап тұрмағанымен, "Кукес" былтыр Еуропа лигасының үш сатысынан өтіп, төртінші кезеңінде (плей-оффта) түріктің "Трабзонспорынан" аса алмаған.

Ал "Қайрат" болса, сегіз жыл бойы Еурокубок додаларының тартысты бәсекелерінен тыс қалған-ды.

Тиранадағы татысты ойында "Қайрат" алаң иелеріне алдырмады. Албания клубы гол соғуға тырысып, қанша ұмтылса да, қазақ даласынан барған футболшылар олардың шабуылдарын тойтарумен болды. Тіпті өздері де қарсы шабуыл ұйымдастырып, берекелерін алды.

Осылай ойын тең аяқталды. Сөйтіп, "Қайрат" Алатау бөктерінде Аслан Дарабаев соққан дара голдың арқасында Еуропа лигасының 2014/2015 жылдар маусымындағы екінші електік сатысына өтті.

Келесі қарсыласы – Данияның "Эсбьерг" клубы. Бірінші ойын 17 шілде күні Алматыда, ал қарымта матч 24 шілдеде түзде өтеді.

"Кукес" (Албания) – "Қайрат" (Алматы, Қазақстан) – 0:0
"Қайрат": Хомич, Плиев, Гурман, Михалик, Кислицын, М.Бакаев, Смақов, Едигарян (Исаэл, 63), Исламхан (Ли, 90+1), Кнежевич (Лунин, 46), Гоу.
Бірінші ойын – 0:1

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети