27 тамыз 2018 12:14

"Қайрат" ұшып кете жаздағанда Андрей шықты. Eurosport Аршавиннің ойынына тамсанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Аршавин. © "Қайрат" ФК Андрей Аршавин. © "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының 24-ші туры аясында "Атырау" командасымен тартысты ойын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматылық "Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының 24-ші туры аясында "Атырау" командасымен тартысты ойын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Алматыда өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды (есеп 4:2). Бұл кездесуде Андрей Аршавин командасының жеңісіне үлкен үлес қосты. Футболшы бір гол салды және екі нәтижелі пас шығарды. Оның үстіне ресейлік ойынға тек 59-шы минутта қосылған. Ол кезде 1:2 есебімен атыраулықтар ұтып жатқан еді. Осылайша, Аршавин ойын арнасын кері бұрды.

Бұл жағдайды Eurosport порталы атап өтіп, Аршавинн әлі де жақсы қалыпта екенін жазды.

"71-ші минутта Андрей қақпа бұрышына дәл соққан голымен жағдайды түзеді. Осыдан кейін Аршавин өзі-ақ гол сала аларына қарамастан Эсеолаға көмектесті. Ал соңында Аршавин допты Эсеола баспен соққы жасай алатындай етіп іліп көтерді", - деп жазады Eurosport. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети