30 қараша 2015 13:27

"Қайрат" Владимир Вайсспен келісімшартын ұзартпады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Вайсс. © sport-express.ru Владимир Вайсс. © sport-express.ru

Алматының "Қайрат" футбол клубының бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс ресми түрде қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.


Алматының "Қайрат" футбол клубының бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс ресми түрде қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

"Қайрат футбол клубы мен Владимир Вайсс арасындағы еңбек келісімшартының мерзімі аяқталды", - делінген ресми сайт хабарламасында.

Айта кетейік, Владимир Вайсс "Қайрат" клубының бас жаттықтырушысы болып 2012 жылы тағайындалған болатын. Осы уақыт аралығында алматылық клуб ел чемпионы атанбағанымен, екі жыл қатарынан ел кубогын жеңіп алды. Биылғы маусымда соңғы турға дейін чемпиондық атаққа таласып, екінші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ, екі рет ел премьер-лигасының қола жүлдегері атанды.

Владимир Вайсс жаттықтыруымен "Қайрат" 2015/2016 жылғы еурокубок маусымында алғаш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтті.

Дереккөз: Massaget.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети