24 ақпан 2014 09:24

"Қайсар" Армения чемпионынан жеңiлiп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Азиз Жұмаділ Фото Азиз Жұмаділ

Түркиядағы төртiншi оқу-жаттығу жиыны аясында Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы екiншi жолдастық-бақылау кездесуiн өткiзiп, Арменияның "Ширак" командасынан жеңiлiп қалды. Есеп - 1:3, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қайсар" (Қызылорда) - "Ширак" (Армения) - 1:3 Гол: Калинин "Қайсар": Кирилл Прядкин, Олжас Алтаев (Нұржарық Құнов), Дамир Дәуiтов (Сүйiндiк Көшеков), Милан Яблан (Мамуту Кулибали), Мартин Кляин, Илья Калинин (Жасұлан Молдақараев), Кирилл Шестаков (Сергей Шевцов), Матик Марушко (Владислав Иванов, Сергей Струков), Антон Землянухин (Рахымжан Розыбақиев), Сергей Артюх (Сергей Мошников), Римма Хунт, (Саша Алумона). "Ширак" - Арменияның ең еңселi командаларының бiрi. Ел бiрiншiлiгiн төрт рет жеңiп алған. Кубокты да иеленiп, төрт мәрте суперкубокқа да қол жеткiзген. Соңғы маусымда "алтын дуплет" жасап, Армения Премьер-лигасының алтынын да, суперкубогын да қанжығаларына байлаған. Дегенмен кездесудi Дмитрий Огай шәкiрттерi ширақ бастады. Бiрден ойын тізгнiн өз қолдарына алған жерлестерiмiз ә дегеннен-ақ шабуылдарын үдете түстi. Нәтижесiнде ойынның бесiншi минутында Матик Марушконың баспен асырған добын Антон Землянухин бiр-ақ паспен екi-үш қорғаушының арасынан әрiптесi Илья Калининге сырғытып, қақпашымен жеке-дара шығарып бердi. Өз кезегiнде Калинин доп пен қақпашыны қақпаның қос бұрышына тулатты. Бұдан кейiн де Огай шәкiрттерi ойын тiзгiнн өз бақылауларында ұстап, "Ширак" футболшыларын допсыз жүгiруге мәжбүр етiп қойды. Өкiнiшке қарай, қорғаныс шебiнде жерлестерiмiз болмашы қателiктерге бой алдырып, қақпаларына қатарынан үш доп жiберiп алды. Екiншi тайм да негiзiнен қызылордалықтардың шабуылымен өттi. Алайда, армяндардың қорғанысынан доп өтпей, таблодағы көрсеткiш өзгерiссiз қала бердi. Рас, Сергей Струковтың шiрене тепкен соққысынан кейiн доп "Ширак" қорғаушыларының бiрiнiң қолына тиiп, бас төрешi пенальти белгілеген. Бiрақ, өкiнiшке қарай, Жасұлан Молдақараевтың 11 метрлiк айып добы әлсiз шығып, "Ширак" қақпашысының оңай "жемтiгiне" айналды. Осылайша, негiзiнен қызылордалықтардың шабуылымен өткен ойын 1:3 есебiмен аяқталып, "қайсарлықтар" қанша жерден қарқындылық танытқандарына қарамастан қажеттi есепке қол жетпедi. Жалпы, төртiншi жиын барысында "Қайсар" әзiрге бiр футболшымен келiсiмшартқа отырды. Қазақстандық жанкүйерлерге Керекудiң "Ертiсi" арқылы танылған малилiк легионер Мамуту Кулибали алдағы маусымда қызылордалықтардың намысын қорғайтын болады. Ал команданың келесi жолдастық кездесуi 26 ақпанға жоспарланған. Қарсыласымыз Мәскеудiң "Динамосы" болады деп күтiлуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети