10 қаңтар 2016 12:14

Қазақ футболшысы голландиялық футбол клубының ойыншысы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚФФ © ҚФФ

Түркиядағы қазақ Мұрат Онал бұған дейін бірінші лигадағы шымкенттік "Қыран" командасында ойнаған. Енді ол голландиялық футбол клубының ойыншысы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Түркиядағы қазақ Мұрат Онал бұған дейін бірінші лигадағы шымкенттік "Қыран" командасында ойнаған. Енді ол голландиялық футбол клубының ойыншысы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, шабуылшы Голландия чемпионатындағы үшінші дивизионында көш бастап тұрған "Лиссе" командасына ауысты. Оның жаңа командасы қазіргі уақытта жоғарғы дивизионға өтуге үміткер болып отыр.

Айта кетейік, 28 жастағы Мұрат Онал "Қыран" командасына екі маусым ойнады. Бұл уақытта ол 28 гол соқты. Сонымен қатар, форвард бірінші лигадағы үздік бомбардир атанды. 2011 жылы Онал қарағандылық "Шахтер" командасына ауысуды жоспарлаған, алайда бұл клубқа өте алмады. Сол уақытта қазақ жігіті Голландияда тұрып жатқан. 

Сұхбаттарында ол азаматтығын ауыстырып, Қазақстан құрамасына ойнауға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети