10 қазан 2018 | 19:14

"Қазақ Мессиі" болып танылған футболшы "Уфа" клубынан кете ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ufa.bezformata.ru © ufa.bezformata.ru

Таяуда БАҚ-та ресейлік "Уфа" клубында қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметпен қош айтысу ниеті туралы ақпарат жарияланды. Бұл мәліметке қатысты клуб директоры Шамиль Газизов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында өз пікірін білдірді.


Иконка комментария блок соц сети

Таяуда БАҚ-та ресейлік "Уфа" клубында қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметпен қош айтысу ниеті туралы ақпарат жарияланды. Бұл мәліметке қатысты клуб директоры Шамиль Газизов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында өз пікірін білдірді.

"Мен сыбысқа қатысты ештеңе айтпаймын. Сейдахмет жарақатын жазды және ақырындап қалпына келіп жатыр. "Уфа" оған сенім артады", - деді Газизов.

18 жастағы Сейдахмет "Уфаға" ақпанда ауысып, Ресей премьер-лигасында үш матч өткізді. Форвард өткен маусымның біраз уақытын жарақатына байланысты өткізіп алғанын айта кету керек.

"Біз одан жұлдыз жасадық, ал өзін жоғалтып алды". Қазақстан құрамасының бапкері Сейдахметке кеңес берді

Қазақстан құрамасында Стойловтың бапкерлігімен өнер көрсеткен.Ал Венгриямен жолдастық кездесудегі дәл соққы оны ұлттық команда тарихындағы гол салған ең жас ойыншы етті.

Шабуылшы Қазақстан құрамасының қазандағы Латвия (13 қазан) және Андоррмен (16 қазан) ойындарына қатысады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети