28 сәуір 2014 14:54

Қазақстан – Болгария кездесуінен алғашқы жеңісті күтеміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kff.kz Фото: kff.kz

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы 7 мамыр күні елордада Болгария қыздарын қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы 7 мамыр күні елордада Болгария қыздарын қабылдайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл – 2015 жылы Канадада өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатының електік додасы аясындағы кездесу. Қазақстан қыздары Еуропаның електік додасында 7-топқа түскен болатын. Қазір бұл топта барлық ойындардың жартысынан көбі өткізілді.

Мысалы, Қазақстан ұлттық құрамасы електік додада өткізуі тиіс 10 ойынының алтауын өткізіп қойған. Соның біреуінде ғана тең түсіп, қалған бесеуінде ұтылып қалды.

Қазақстан әйелдер құрамасы өткен күзде, яғни 23 қазанда түзде Болгария құрамасымен ғана 1:1 есебімен тең түскен болатын. Енді сол Болгария қыздарын Астанада қабылдаймыз. Болгария арулары да алты ойын өткізіп, осы кездесуден басқа бесеуінде жеңіліске ұшырады.

7-топта көш соңында қалған екі құрама енді елордада кездеседі. "Осы ойында жеңіске жетпегенде, басқа қай ойында үш ұпай олжалай аламыз" деп сырттай "тон пішіп" отырған жайымыз да бар.

Ал Қазақстан және Болгария қыздары 7 мамыр күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында кездеседі. Матч күндізгі сағат 15:00-де басталады. Жанкүйерлер үшін кіру – тегін.

Сонымен, ұлттық құрама қыздарының Отан қорғаушылар күні еліміздің ер-азамат жанкүйерлеріне сыйлық жасап, көңілдерін көтеруге тамаша мүмкіндік туып тұр.

7-топ. Електік сын кестесіндегі жағдай: 
1. Франция – 6 ойын, 18 ұпай
2. Финляндия – 5 ойын, 15 ұпай
3. Австрия – 6 ойын, 9 ұпай
4. Венгрия – 5 ойын, 6 ұпай
5. Қазақстан – 6 ойын, 1 ұпай
6. Болгария – 6 ойын, 1 ұпай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети