Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасынан ойсырай ұтылды

08 Маусым 2014, 11:49
0
Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасынан ойсырай ұтылды - Фото kff.kz сайтынан
Фото kff.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Будапеште Венгрия құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:3 есебімен ойсырай ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл Юрий Красножанның Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде өткізген екінші ойыны еді. Алғаш рет ақпан айында Литва құрамасымен тең түскен.

Ресей маманы бұл емтиханды көңілге қонымды бағаға тапсырды деп айта алмаймыз. Бәлкім, әлі деп болса, әліптің артын тосу керек шығар. Бас бапкер әлі де ұлттық құраманың намысын қорғауға лайықты футболшылар іздеп, бас ауыртып жүрген болар.

Сондықтан бірден сынап-мінемей, тілімізді тістеп, "тізгінімізді" (қаламымызды) тартып отырмыз. Ең бастысы, бұл матчта бас бапкер біраз нәрсені жадына түйіп, сабақ алды деп үміттенеміз.

Будапештегі ойында біздің футболшылар көп қателесті. Білгендерінен жаңылып, жаза басқан жігіттеріміз көп болды. Бәлкім, олар да толқып, толғаныстарын тарқата алмаған болар.

Алғашқы ек гол бұрыштама соққысы мен айып соққысынан кейін соғылды. Тіс қаққан тәжірибелі қақпашымыздың өзі осы екі гол соғылғанда, қапелімде қателесті... Басқасы жайлы айтып не керек?!

Матчтан соң Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан "Алғашқы бес минутта тартысты дода болды, бірақ одан кейін біздің футболшылар бірнеше рет қателесіп, ойын тізгіні қарсыласымызға көшті. Жалпы, бүгін ойын өрнегі ұйымдасқан команда жеңіске жетті", – деп ағынан жарылды.

Венгрия – Қазақстан – 3:0

Голдар: Пришкин, 26 (1:0). Р.Варга, 63 (2:0). Энгель, 90-автогол (3:0).
Ескертулер: Абдулин, 17. Коробкин, 24. Малый, 77.
Алаңнан қуылды: Коробкин 62

Венгрия: Розса, Хефлер, Лэнг, Корхут, Надь (Ковач, 55), Жидай, Пришкин (Футач, 83), Дьюрчо (Шимон, 78), Р.Варга (Николич, 87), Корчмар, Вечеи (Кальмар, 81).

Қазақстан: Сидельников, Кислицын (Сүйімбаев, 46), Малый, Абдулин, Энгель, Богданов (Карпович 87), Коробкин, Қонысбаев (Лунин, 80), Хайруллин (Тағыберген, 65), Финонченко (Исламхан, 59), Хижниченко (Щеткин, 70).

Бас төреші: Александр Буко (Бельгия)

7 маусым. Будапешт. «Ференц Пушкаш» стадионы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай