Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Варшавада Польша құрамасынан 3:0 есебімен ұтылды. Бірер күн бұрын дәл осындай есеп айырмасымен Астанада Черногория құрамасына жол берген еді, - деп хабаралайды Vesti.kz.

Ойындағы есепті 11 минутта Аркадиуш Милик ашты. Оның баспен бағыттаған добын Давид Лория қайтара алмады. Бірінші таймда осы голдың есебі бойынша поляктар алда болды. Ал екінші тайм басында Қазақстан құрамасы гол соққан. Дегенмен латвиялық төреші Сергей Хижниченконың соққан голын есепке алмады.
72 минутта Роберт Левандовский айып соққысын сәтті орындады. Давид Лория допты қайтарғанмен, қақпа ішінен кері қайтты. Қақпа маңындағы төреші қателесіп, нәтижені есепке алмады. Дегенмен араға бірер минут сала Польша құрамасы ойындағы екінші голын соғып тынды. Камил Глик бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетіп, есепті еселеді.
86 минутта төреші Андрис Триманис Юрий Логвиненко ойын ережесін бұзды деп танып, Қазақстан құрамасы қақпасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып соққысынан Роберт Левандовский мүлт кеткен жоқ.