Қазақстан ұлттық құрамасына шықыртылған футболшылар 23 мамыр 2014, 12:44

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы маусымның басында Венгрия құрамасымен өтетін жолдастық кездесуге дайындалатын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz отандық футбол федерациясына сілтеме жасап.
Біздің футболшылар Венгрия құрамасымен 7 маусым күні, түзде кездеседі. Осыған орай, 2-5 маусым аралығында Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Содан соң Венгрия астанасына ұшады.
Ұлттық құраманың қазіргі бас бапкері, Ресей маманы Юрий Красножан Талғардағы жиынға мына футболшыларымызды шақыртыпты:
қақпашылар – Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Петухов («Тобыл», Қостанай), Александр Мокин, Стас Покатилов (екеуі де – «Шахтер», Қарағанды), Вячеслав Котляр («Ертіс», Павлодар);
қорғаушылар – Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы», Шымкент), Ермек Қуантаев, Александр Кислицын (екеуі де – «Қайрат», Алматы), Дмитрий Шомко, Виктор Дмитренко (екеуі де – «Астана»), Юрий Логвиненко, Алексей Мулдаров, Дмитрий Мирошниченко (бәрі де – «Ақтөбе»), Константин Энгель («Ингольштадт 04», Германия), Ренат Абдулин («Атырау»), Захар Коробов («Ертіс»), Сергей Малый («Шахтер»);
жартылай қорғаушылар – Қайрат Нұрдәулетов, Бауыржан Жолшиев (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Исламхан, Аслан Дарабаев (екеуі де – «Қайрат»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Асхат Тагыберген, Марат Хайруллин, Павел Шабалин, Валерий Коробкин (бәрі де – «Ақтөбе»), Ұлан Қонысбаев, Роман Муртазаев, Станислав Лунин (бәрі де – «Шахтер»), Андрей Карпович («Атырау»), Анатолий Богданов («Тобыл»);
шабуылшылар – Таңат Нөсербаев («Астана»), Тоқтар Жаңғылышбай, Андрей Финонченко (екеуі де – «Шахтер»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша), Алексей Щеткин («Тараз»).