Қазақстандық футбол клубтарындағы орташа жалақы аталды

27 Қараша 2018, 09:57
0
Қазақстандық футбол клубтарындағы орташа жалақы аталды - © Vzsf.ru
© Vzsf.ru

Sporting Intelligence cайты әлемдік футбол командаларының 2018 жылғы орташа табысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Англия премьер-лигасы ойыншыларының табысы ең жоғары екені анықталды. Англия премьер-лигасы командасының футболшылары орташа есеппен жылына 3,93 миллион доллар (1,4 миллиард теңге) табады екен. 

Сондай-ақ, табысы жоғары команданың үштігіне испаниялық Ла Лига (2,89 миллион доллар) мен италиялық  Серия А (1,99 миллион) кіреді.

Ал қазақстандық команда бұл тізімде 25-орынға тұрақтады. Қазақстан премьер-лигасы орташа есеппен жылына 148 мың доллар (55 миллион теңге) табады.

Табысы жоғары 10 команданың тізімі:

1. АПЛ (Англия) - 3,93 миллион доллар;
2. Ла Лига (Испания) - 2,89;
3. Серия А (Италия) - 1,99;
4. Бундеслига (Германия) - 1,83;
5. Лига 1 (Франция) - 1,3;
6. Суперлига (Қытай) - 1,05;
7. РПЛ (Ресей) - 877мың доллар;
8. Суперлига (Түркия) - 864;
9. Серия А (Бразилия) - 670;
10. МЛС (Канада, 3 клуб) - 519.

Әлемнің ең көп ақы алатын футболшыларының табысы жарияланды

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай