25 қараша 2017 12:09

"Қазақстандық футболшылар қатты ішеді. Үйлері жиіркенішті" - "Оқжетпестің" бұрынғы ойыншысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александар Чижиков. © "Оқжетпес" ФК Александар Чижиков. © "Оқжетпес" ФК

Көкшетаулық футбол клубының бұрынғы қорғаушысы украиналық Александр Чижов "Халатный футбол" бағдарламасында Қазақстанда ойнаған кезін есіне алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


Көкшетаулық футбол клубының бұрынғы қорғаушысы украиналық Александр Чижов "Халатный футбол" бағдарламасында Қазақстанда ойнаған кезін есіне алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Чижиков Қазақстанда 2015 және 2016 жылдары өнер көрсеткен. "Оқжетпес" сапындағы екі маусымда ол премьер-лигада 56 матч өткізіп, екі рет гол салған, екі рет нәтижелі пас шығарып, 13 рет сары қағаз алған болатын.

Чижиковтың айтуынша, Қазақстанда оған стадиондар мен ойын алаңдары ұнамаған. "Қазақстанда футбол басқа, футболшылардың техникасы жақсы, бірақ, ойын алаңдары нашар. Украинада еуропалық стадиондар. Ал онда ескі алаңдар көп. Жуынатын жер де табылмай қалады. Орындықтарына 100 жыл болған. Сұмдық", - дейді футболшы. 

Ойыншы тұруға мәжбүр болған "жиіркенішті үй" туралы да айтып берді. "Үйлері сұрықсыз, расында. Көкшетау шағын қала. Пәтер жалдайтынымызды білетіндер бағаны әдейі көтеретін. Отбасыңмен келсең, қайда барасың? Қымбат - 800 доллардай болатын", - дейді ол. 

Сонымен бірге, ол матчтарға адамдардың тым аз келетініне налыды. "15 адам келсе жақсы. "Оқжетпес" қолаға таласқанда 3-4 мыңдай келген. Адам аз келеді, қазір бізде де солай", - деп атап өтті ойыншы. 

Чижиков қазақстандық футболшылардың ішімдік ішуі туралы да айтты. "Егер Украинада футболшылар көп ішеді десе, қазақстандықтардың қасында да тұрмаймыз. Егер онда адамдар ішуге отырса, болды соңына дейін кетеді, қатты ішеді", - дейді украиналық. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети