Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық тағы бір футболшы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

22 Қыркүйек 2015, 11:55
2
Әдия Сламбекова. © vk.com
Әдия Сламбекова. © vk.com

Бауыржан Исламханнан кейін "Қайраттың" тағы бір футболшысы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, "Қайраттың" қорғаушысы әрі Қазақстанның жастар құрамасының капитаны Тимур Рудосельский таяуда үйлену тойының болатынын жариялады. Қалыңдық - алматылық Әдия Сламбекова. 

"Жақында мендік боласың", - деп жазды Рудосельский Instagram желісінде және ол қалыңдығымен бірге түскен суреттерін жариялады, қыздың қолынан неке жүзігін көруге болады.

Айта кетейік, 20 жастағы Рудосельский "Қайраттың" негізгі командасында өткен маусымнан бері ойнап жүр. Командадағы бірінші ойынын ол 2014 жылы мамырда өткізді, ал қазіргісі 37-ойын болмақ. 






Әлеуметтік желіден алынған суреттер

Еске сала кетейік, бұған дейін Бауыржан Исламханның сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасағаны хабарланған болатын. Оның айтуынша, оқиға 27 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" командасының Еуропа лигасындағы "Бордо" клубымен қарымта кездесу матчы біткеннен кейін болған. Ойын аяқталғанда футболшы алаң орталығына шығып, тізерлеп отырып, сүйіктісіне сақина ұсынды, бұдан кейін ол қалыңдығы болуға ұсыныс жасады. Қыз "иә" деп жауап берді. Сонымен қатар, таяуда "Қайрат" футбол командасының капитаны Бауыржан Исламханның қалыңдығы Еркежан Талғатбекованың ұзату тойы өтті. Ал үйлену тойы 28 қарашада, Қазақстанда футбол маусымы аяқталғанда болады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай