29 наурыз 2019 09:32

Команда қаражаты кімнің қалтасына кеткенін білемін - "Ақтөбе" ФК-ны сотқа берген экс-футболшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтөбе" ФК сайтынан "Ақтөбе" ФК сайтынан

"Ақтөбе" ФК бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников клубты сотқа бергенін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Ақтөбе" ФК бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников клубты сотқа бергенін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Былтыр қаңтарда карьерасын аяқтаған футболшы бұрынғы командасынан 25 миллион теңге өндіріп алмақ. Бұл сомаға жалақы бойынша қарыз, мерзімінен кешіккені үшін өсімақы және қолданылмаған еңбек демалысының өтемақысы кіреді.

Қақпашы өзінің Instagram парақшасында сотқа жүгінгенін растады. 

"Иә, "Ақтөбе" футбол клубын сотқа бердім. Өзімнің адал жолмен тапқан жалақымды сұрап отырмын! Бұл клубқа тоғыз жылымды арнадым, жақындарымнан алыста тұрдым, денсаулығымды құрттым. Адал тапқан қаржымды ешкімге бере салмаймын. 2017 жылы команданың қаржысы кімнің қалтасына кеткенін білемін. 

2018 жылы қаңтарда мансабымды аяқтаған соң клуб басшылығына маған қарыз ақшаны талап ететінімді бірден айттым. Олар "Ақшаны тек сот арқылы аласың" деп жауап берді. Бәріне әділдік тілеймін", - деп жазды Сидельников. 

Айта кетейік, "Ақтөбе" үстінен шағым түсірген жалғыз Сидельников емес. Биыл ақпанда ФИФА нигериялық қорғаушы Айоделе Аделейенің алдындағы қарызы үшін "Ақтөбеден" алты ұпай алып тастаған. 

Кейін клубтың бұрынғы форварды Неманья Николичтің арызынан соң федерация "Ақтөбеден" тағы үш ұпай алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети