09 наурыз 2017 10:22

Көңілдесін өлтіріп, итке жем қылған футболшы кәсіпқой спортқа оралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилиялық 32 жастағы футболшы Бруно Фернандеш көңілдесін өлтіріп, бөлшектелген денесін иттерге бергені үшін жеті жыл жаза өтеген. Енді ол кәсіпқой спортқа қайта оралуға ниетті. Flamengo клубының бұрынғы қақпашысы 9 командадан ұсыныс түскенін айтты, - деп хабарлайды Goal.

2010 жылы Фернандеш Элиза Самулирны өлтірген. Олардың некесіз туған баласы бар. Футболшының айтуынша, көңілдесі алимент талап еткен, төлемеген жағдайда әйеліне бар шындықты жайып салатынын айтқан.

Бруно осыдан кейін ашынасын өлтіріп, денесін бөлшектеп, иттерге берген. Бразилиялық жеті жыл бұрын қамауға алынған, ол 22 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда ол ақпанның соңында рақымшылыққа ілініпті. 

Flamengo экс-голкипері ісіне өкінбейтінін мәлімдеп отыр. 

"Өз ісім үшін жаза тарттым. Оңай болған жоқ. Түрме мен үшін ауыр, бірақ пайдалы тәжірибе болды", - деді Фернандеш. 

Қақпашының агенті Лусио Велозу Коутиньюдің айтуынша, Бруноны кем дегенде тоғыз команда сапына қосуға дайын отыр. 

Ал бразилиялық командалар әріптестерін қандықол қылмыскерге бойкот жариялауды сұраған. 

"Сіздер ұмытып қалсаңыздар, менің есімде. Ол сүйіктісін алимент төлемеу үшін өлтірген!", - деп жазды Twitter желісінде журналист Бик Мюллер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети