Конор МакГрегор әлем чемпионатында Путинмен кездесті

16 Шілде 2018, 11:04
0
Конор МакГрегор әлем чемпионатында Путинмен кездесті -

MMA шебері, жеңіл салмақтағы UFC экс-чемпионы Конор МакГрегор футболдан әлем чемпионатының финалында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің қонағы ретінде футболдан әлем чемпионатының финалына келдім. Владимир Путин - біздің замандағы ұлы көшбасшылардың бірі. Осындай айтулы оқиғаға қатысу құрметіне ие болдым. Бұл мен үшін зор құрмет, Путин мырза. Сізге рақмет айтамын және құттықтаймын", - деп жазған Конор МакГрегор.

Айта кетейік, футболдан өткен әлем чемпионатында Франция құрамасы әлем чемпионы атанды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай