Коста-Рика футболшыларын допингке тексеруге жіберді

21 Маусым 2014, 11:11
0
Коста-Рика футболшыларын допингке тексеруге жіберді - Анти-допингке арналған жиынтық ©REUTERS
Анти-допингке арналған жиынтық ©REUTERS

 Коста-Рика мен Италия құрамаларының ойынынан кейін коста-Риканың футболшыларын допингке тексеруге жіберді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасай отырып. Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында Коста-Риканың 7 бірдей ойыншысы допинг-тест тапсыруға жіберілді. 

Стандарт бойынша әр командадан екі ойыншы допинг-тестке жіберілуі тиіс. Алайда бұл жолы солтүстікамерикалық командадан 7 футболшыны допингке тексермек. 

"Негізгі екеуінен бөлек қалған бесеуі чемпионаттың алдында допинг-тестен өтпеген. Сондықтан допинг-тестке жіберілді", делінген ФИФА-ның ресми сайтында. 

Естеріңізге сала кетейік, Коста-Рика құрамасы италиялықтарды 1:0 есебімен жеңді. D  тобындағы матч 20 маусым күні өтті. Матчтағы жалғыз голдың авторы нидерландық  ПСВ шабуылшысы, Коста-Рика құрамасының ойыншысы Брайан Руис. Ол ойынның 44-минутында қақпаға допты баспен ұрып кіргізді. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай