10 қаңтар 2017 08:25

Криштиану Роналду 2016 жылдың үздік футболшысы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) 2016 жылдың үздіктерін марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) 2016 жылдың үздіктерін марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Швейцарияның Цюрих қаласында өткен салтанатты шарада Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду жылдың үздік футболшысы атанды. ФИФА биыл жылдың үздік футболшысына The best сыйлығын тағайындады. Осылайша бұл марапатқа алғаш рет Криштиану Роналду ие болып отыр.

Дауыс беру қорытындысы бойынша португалиялық "Барселона" ойыншысы Лионель Месси мен "Атлетико" шабуылшысы Антуан Гризманнды басып озды.

Қыздар арасында 2016 жылдың үздік футболшысы америкалық Карли Ллойд болды. Ал өткен маусымда "Лестермен" ағылшын премьер-лигасында чемпион атанған Клаудио Раньери жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети