28 мамыр 2014 22:19

Криштиану Роналду әлемдегі ең танымал футболшы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду  Repucom компаниясының рейтингі бойынша әлемдегі ең танымал футболшы атанды, - деп хабарлайды  Vesti.kz спорт порталы. 


Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду  Repucom компаниясының рейтингі бойынша әлемдегі ең танымал футболшы атанды, - деп хабарлайды  Vesti.kz спорт порталы. 

Компанияның зерттеуі бойынша, бүкіл әлемде Роналдуды 83,9 пайыз адам таниды екен. Ал, Италия, Испания, Германия, Түркия және Аргентина сынды елдерде бұл көрсеткіш 95 пайызға дейін жетеді. Одан бөлек, әлемнің 82,5 пайыз тұрғындары Роналдуды қазіргі қоғамдағы ең танымал сәнқой деп біледі.

Танымалдылық тұрғысынан екінші орынға Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубының шабуылшсы Лионель Месси жайғасыпты. Оны әлемнің 76,1 пайыз тұрғыны таниды. Бұл тізімде үздік үштіктің қатарында Мессидің командаласы Жерар Пике бар. Испания құрамасының қорғаушысын сауалнамаға қатысқан 58 пайыз адам таныған. Испанияда бұл көрсеткіш - 97 пайызға жеткен. 

Сондай-ақ танымал футболшылардың қатарына мына ойыншылар кірген:

4. Фернандо Торрес ("Челси"),
5. Уэйн Руни ("Манчестер Юнайтед"),
6. Андрес Иньеста ("Барселона"),
7. Неймар ("Барселона"),
8. Икер Касильяс ("Реал"),
9. Златан Ибрагимович ("Пари Сен-Жермен"),
10. Тьерри Анри ("Нью-Йорк Ред Буллз").

Айта кетейік, зерттеуге Аргентина, Бразилия, Қытай,  Франция, Германия, Үндістан, Италия, Мексика, Ресей, АҚШ, Испания, Түркия елдерінің 13 пен 69 жас аралығындағы 6500 адам қатысқан. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети