14 қыркүйек 2014 15:34

Криштиану Роналду аптасына 500 мың фунт жалақы талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Португалиялық футболшы, мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду ағылшын премьер-лигасының клубтарының біріне ауысуға дайын екендігін айтты. Алайда ол егер ағылшын клубы аптасына 500 мың фунт стерлинг жалақы төлесе ғана ауысатынын жеткізді, деп хабарлайды The Daily Mail.


Португалиялық футболшы, мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду ағылшын премьер-лигасының клубтарының біріне ауысуға дайын екендігін айтты. Алайда ол егер ағылшын клубы аптасына 500 мың фунт стерлинг жалақы төлесе ғана ауысатынын жеткізді, деп хабарлайды The Daily Mail.

Криштиану Роналдудың бұл шартын қабыл алуға дайын клубтарындың қатарында "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити" және лондондық "Челси" аталады. Егер португалиялық ойыншы ағылшын клубтарының біріне ауысатын болса оның жылдық жалақысы 26 миллион фунт стерлинг болуы мүмкін. Сөйтіп Роналду Англиядағы ең қымбат футболшы атанбақ. Әзірге Англиядағы ең қымбат футболшы  МЮ шабуылшысы Радамель Фалькао. Ол "Монакодан" бір жылға ағылшын клубына ауысып келген. Колумбиялық ойыншының Англиядағы  аптасына алатын жалақысы 390 мың фунт стерлинг (жылдық жалақысы 20 миллион фунт стерлинг). 

Сондай-ақ  Vesti.kz жазғанындай, Криштиану Роналдудың испаниялық клубтан кетуіне оның "Реал" басшылығымен трансферлік саясатқа қатысты көзқарастарының сай келмеуі де себеп болып отырған көрінеді. Португалдық футболшы әлі күнге Мадридтен Хаби Алонсоның және өзінің жақын досы  Анхель Ди Марияның кеткеніне көңілі толмайды. Сондықтан да Роналду МЮ-ға кеткісі келеді деп санайды кейбір БАҚ өкілдері. 

Айта кету керек, Криштиану Роналдудың қазіргі кезде мадридтік "Реалдағы" бір апталық жалақысы 350 мың фунт стерлинг (жылына шамамен 18 миллион фунт стерлинг). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети