25 желтоқсан 2015 09:47

Криштиану Роналду зәулім үйін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Dailymail.co.uk © Dailymail.co.uk

Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду Мадридтің бай-манаптар тұратын аудандарының бірінде орналасқан зәулім үйін көрсетті. Видеоролик YouTube виедохостингіндегі SportVideosMM арнасында жарияланды.


Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду Мадридтің бай-манаптар тұратын аудандарының бірінде орналасқан зәулім үйін көрсетті. Видеоролик YouTube виедохостингіндегі SportVideosMM арнасында жарияланды.

"Реал" клубының ойыншысы үйіне саяхатын өзі ұйықтайтын бөлмеден бастады. Футболшының айтуынша, ол мұнда жарты күнін өткізеді. "Бұл бөлменің менің өмірімдегі маңызы зор. Алаңда жақсы ойнау үшін жақсылап тынығу керек", - деді ол. Бір ғана қабатты, құны 7,1 миллион доллар тұратын үлкен үйде жеті жатын бөлмесі мен сегіз жуынатын бөлме бар.

Кейін Роналду үлкен теледидар қойылған қонақ бөлмесіне өтті. Ол мұнда көбіне футбол көретінін айтты.

Осыдан кейін ас бөлмесіне барды. "Тамақ ішетін орын да мен үшін маңызды. Мен көбіне үйде тамақтанамын. Жеке аспазым тамақты өте дәмді дайындайды. Менің жақсы көрінуімнің құпиясы осында", - деді ол.

Тағы бір үлкен бөлмеге келіп, "Біз мұнда достарымызбен бас қосамыз, әңгіме айтып, шай ішеміз", - деді ол.

Футболшы далаға шығып, бассейн мен кішігірім футбол алаңы орналасқан ауласын да көрсетті. "Біз мұнда футбол ойнайыз. Рождествоға арнайы үлкен шырша әкелдік. Рождество мен Жаңа жылда барлығыңызға бақыт тілеймін, бақытты болыңыздар!", - деді футболшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети