26 мамыр 2017 10:10

Криштиану Роналду бес жылға түрмеге жабылуы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© champions.football.ua © champions.football.ua

Мадридтік "Реалдың" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты Испания Қаржы министрлігі салық қызметінің айыптауын қолдады, - деп хабарлайды Vesti.kz "Спорт-Экспресс" және Marca басылымдарына сілтеме жасап.

Криштиану Роналду 2011-2013 жылдар аралығында ел қазынасына салық төлемеген. Сот футболшының түрлі қулықтар арқылы жалтарғанын дәлелдеген. Әлем таныған аяқ доп шебері өз қателігін мойындап, айыппұл төлейтін болса (8 миллион еуро) сот ойыншыны жайына қалдырады. Егер қарсы шығып, ісі толықтай расталса 15 айдан 5 жылға дейінгі аралықта жаза кесілуі мүмкін.

Айта кетейік, Испаниядағы салық мөлшері футболшылар жалақысының тең жартысына сәйкес келеді.

Осыған дейін, Spiegel басылымы Португалия құрамасының және испаниялық "Реал" (Мадрид) клубының футболшысы Криштиану Роналдуды 2009 жылы қыз зорлады деп айыптады. Неміс журналының мәліметінше, 2010 жылы атақты футболшы қыз зорлады деген айыптан құтылу үшін 375 мың доллар беріп құтылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети