15 шілде 2014 18:14

"Ливерпуль" фанаттары Суарестің жейдесін өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото sovsport.ru сайтынан Фото sovsport.ru сайтынан

"Ливерпуль" клубының фанаттары Луис Суарестің "Барселона" клубына ауысып кеткеніне ыза болып, оның тегі жазылған жейдені өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.


"Ливерпуль" клубының фанаттары Луис Суарестің "Барселона" клубына ауысып кеткеніне ыза болып, оның тегі жазылған жейдені өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Ресей басылымдары да жарыса жазды. Англия клубының фанатары енді Испанияға барып, Каталония клубының намысын қорғайтын Уругвай шабуылшысына ренішті сияқты.

Суарес "Барселонаға" ресми түрде осы өткен аптаның аяғында ауысқан. Кейбір шетелдік басылымдар "оның трансфері 88 милион евроны құрады" деп жазды. Сөйтіп бұл трансфер әлемдегі ең қымбат футболшылар мәмілесі тізімінде үшінші орынға ие болды.

Суарес "Ливерпуль" клубына 2011 жылы ауысқан. Содан бері Уругвай шабуылшысы ағылшынның осы клубы сапында 110 ойын өткізіп, 69 гол соқты.

Ол тіпті Англия чемпионатының 2013/2014 жылдар маусымында мергендігімен көзге түсіп, 33 ойында 31 гол соғып, "Реалдың" сұрмергені Криштиану Роналдумен бірге "Алтын бутса" иегері атанды.

Негізі, "Ливерпуль" басшыларының одан айырылғылары келмеген. Бірақ Суарестің өз қалауымен оны "Барселонаға" жіберуге мәжбүр блғандай. Сүйікті шабуылшыларының кетіп қалғанына ыза болған "Ливерпуль" оның жейдесін өртеп жіберіпті.

Жалпы, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Бұған дейін "Ливерпуль" фанаттары Испания шабуылшысы Фернандо Торрес "Челсиге" кетіп қалғанда да, бар ыза-ашуларын осылай "басқан".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети