"Ливерпуль" ойыншылары "Арсенал" командасын ойсырата жеңді

30 Желтоқсан 2018, 09:45
0
"Ливерпуль" ойыншылары "Арсенал" командасын ойсырата жеңді -

"Ливерпуль" өз алаңында лондондық "Арсеналды" Англия чемпионатының 20-ншы турындағы матчта ойсырата жеңді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбіде "Энфилдте" өткен кездесу 5:1 есебімен аяқталды. Есепті бірінші болып лондондық ойыншылар ашты. Ойынның 11-нші минутында қонақтар құрамасындағы Энсли Мейтленд-Найлз ерекше көзге түсті. Осыдан кейінгі голдарды "Ливерпуль" ойыншылары салды. Роберто Фирмино хет-трик жасады, ол 14, 16 және 65-нші минутта көзге түсіп, үшінші допты пенальтиден соқты, сонымен қатар, Садио Мане (32) мен Мохамед Салах пенальтиден (45) доп соқты.

"Ливерпуль" 54 ұпай жинап, премьер-лига кестесінде көшбастап тұр, ол "Тоттенхэмді" басып озды, айырмашылық - 9 ұпай. "Қызылдар" Англия чемпионатының биылғы маусымында жеңіліп көрмеген жалғыз команда. Олардың жеңісті сериясы қатарынан 9 матчқа артты. "Арсенал" 38 ұпаймен бесінші сатыға жайғасты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай