25 сәуір 2016 13:56

"Манчестер Юнайтед" клубының футболшысы жоғары жалақы алатынына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хуан Мата. © readfootball.com Хуан Мата. © readfootball.com

Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" футбол клубы мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Хуан Мата алатын жалақысының жоғары болуы мен өмірінің қалыпсыздығына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы.


Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" футбол клубы мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Хуан Мата алатын жалақысының жоғары болуы мен өмірінің қалыпсыздығына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы.

"Матчқа билет құны - 40 фунт (57,5 доллар). Бұл арзан емес. Адамдар бүгінгі футболға қарсы екендігін айтқанда, мен оларды түсінемін. Біз нағыз ақша табамыз, адам сенбейтін сомалар. Мен бос қиялда өмір сүремін. Досым болса, шын өмірде өмір сүреді. Оған жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу үшін жұмыс істеу қажет, басқа жұмыс тапқанша, көшуі қажет. Бұл қалыпты өмір. Ал менің футболшы ретіндегі өмірім қалыпсыз", - деді Мата.

27 жастағы испан футболшысының айтуынша, ол аз жалақы алуға дайын: "Маған футболдың бизнес болып кеткені ұнамайды. Мен осы ойынды жақсы көремін. Жаттыққанды және жарысқанды ұнатамын. Бизнес футболға осылай әсер етпегенде, жалақының төмендейтінін қуана қабылдар едім".

Хуан Мата "Манчестер Юнайтед" футбол клубына ұлыбританиялық "Челси" құрамасынан 2014 жылдың қаңтар айында ауысты. Қазіргі маусымда испан ойыншысының есебінде МЮ құрамасының барлық турнирі бойынша 34 матч бар, олардың ішінде ол 5 гол соғып, 5 голға доп шығарды.

Матаның "Манчестер Юнайтед" құрамасындағы жалақысы аптасына 140 мың фунт (201 мың доллар) шамасында. Келісімшарт 2018 жылдың жазына дейін есептелген.

Испания құрамасының құрамында Мата 2010 жылы әлем чемпионы және 2012 жылы Еуропа чемпионы атанды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети