22 наурыз 2016 18:22

Месси жанкүйер әйелдің қолын сындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Лионель Месси "Вильярреал" мен мадридтік "Реалдың" жанкүйерінің қолын байқаусызда сындырып алды, - деп хабарлайды Championat.com.


Лионель Месси "Вильярреал" мен мадридтік "Реалдың" жанкүйерінің қолын байқаусызда сындырып алды, - деп хабарлайды Championat.com.

Қайғылы оқиға Испания чемпионатының 30-шы турында "Вильярреал" мен "Барселона" арасындағы кездесуді болды. 14-ші минутта Месси қақпаға қарай күшті соққы жасайды, алайда доп көрермендер отырған жаққа қарай ұшып, Ракел Тахуэлоның қолына тиеді. Қыздың қолы сынған.

Осыған дейін доп әйелдің басына тиді деп айтылған, алайда оның қолының сынғаны кейін белгілі болды. Айта кетейік, Месси дереу қолын көтеріп, кешірім сұрады.


© RADOM CR News/YouTube

"Мен "Реалдың" жанкүйерімін, осыған дейін де Мессиді жеккөретін едім, енді тіпті де. Соққы жасалғанда көзіме күн түсіп тұрды, бірақ мен допты көріп тұрдым, қолымды көтеріп, қағып жібермек болдым. Бірақ сол сәтте қатты соққыны сездім. Доп қолымды майыстырып жібергендей болды. "Барселона" өкілдері көмек қолдарын созып, байланысқа шықты. Мен олардан "Реал" мен "Барселона" арасындағы ойынға билет сұраймын", - деді Тахуэло. 

Айта кетейік,  "Вильярреал" мен "Барселона" арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети