11 қазан 2017 10:18

Мессидің сүйсіндірер хет-тригі: Аргентина 2018 жылғы ӘЧ-ге жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bombardir.ru © bombardir.ru

Футболдан Аргентина құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесулеріне жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. Ақтық ойындар Ресейде өтеді. 


Футболдан Аргентина құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесулеріне жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. Ақтық ойындар Ресейде өтеді. 

Оңтүстікамерикалық квалификацияның қорытынды турында аргентиналықтар Эквадор құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Алаң иелерінің алғашқы минутта соғылған голына (Ромарио Ибара) аргентиналықтар Леонель Мессидің хет-тригімен жауап берді. 

Осылайша Аргентина құрамасы 28 ұпай жинап, іріктеу турында үшінші орынға орналасты. Бұл аргентиналықтарға мундиальға жол ашты. Сонымен қатар, Оңтүстік Америкадан әлем чемпионатында 41 ұпаймен Бразилия, 31 ұпаймен Уругвай және 27 ұпаймен Колумбия құрамалары да ойын көрсететін болды. 

Перу құрамасы 26 ұпаймен бесінші орында тұр. Енді ол биылғы әлем чемпионатына қатысу үшін алдағы матчта Жаңа Зеландия құрамасынан басым түсуі қажет. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети