Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Месут Озилды Неміс футбол кеңесінің (DFB) басшысы Райнхард Гриндель Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездескені үшін сынға алып, ұлттық құрама үшін бірде-бір ойын өткізбейтіні жайлы айтқан еді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Месут Озилды Неміс футбол кеңесінің (DFB) басшысы Райнхард Гриндель Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездескені үшін сынға алып, ұлттық құрама үшін бірде-бір ойын өткізбейтіні жайлы айтқан еді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"DFB тарапынан және басқа да себептер бойынша мен ендігіде Германия құрамасының жейдесін кигім келмейді, Өзімнің керек еместігімді аңғардым, сонымен қатар 2009 жылдан бері көрсеткен еңбегім ұмытылған секілді", - деп жазды лондондық "Арсенал" клубының хавбегі Twitter желісіндегі парақшасында.
"Таяуда болған жағдайларға байланысты көп ойлана келе, Германия құрамасының намысын халықаралық деңгейде қорғамайтын болып шештім, себебі мен нәсілшілдік пен сыйламаушылықты байқаймын. Мен Германия жейдесін абыроймен киіп жүрдім, қазір ондай жоқ. Бұл мен үшін ауыр жағдай, себебі мен командадағы әріптестерім мен бапкерлер үшін барымды салдым. Бірақ DFB жоғарғы лауазымды шенеуніктері маған осылай қарап, менің түпкі тамырым түркиялық екенімді сыйламайтын болса, тоқтайтын кез келді", - делінген әлеуметтік желіде жазылған хабарламада.
Әлем біріншілігі басталар уақытта Месут Озил мен Илкай Гюндоганның Түркия президентімен түскен суретінен кейін Германияда дау шыққан. Олардың екеуі де түп тамыры түркиялық, алайда екеуі де Германияда дүниеге келіп, Германия құрамасының намысын қорғап келді. БАҚ және қоғамдық ойдың көшбасшылары олардың Түркия президентімен кездесуін және Гюндоганның "менің құрметті президентім" деген сөзіне шүйлікті.
Arsenal's Mesut Ozil and Manchester City's Ilker Gundogan are under fire after posing with Turkish President Erdogan pic.twitter.com/dQMh2VdeKz
— TRT World (@trtworld) 19 мая 2018 г.
Озил 2009 жылдан бері Германия құрамасының сапында өнер көрсетіп келеді. Ол осы аралықта 92 ойын өткізіп 23 гол салған. 2014 жылы Әлем чемпионы атанды.