27 шілде 2017 16:52

"Милан" Криштиану Роналдуға қызығушылық танытып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СПОРТ bigmir)net © СПОРТ bigmir)net

"Милан" клубы "Реал" сұрмергені Криштиану Роналдуға қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz италиялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.


"Милан" клубы "Реал" сұрмергені Криштиану Роналдуға қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz италиялық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Sky Sport Italia мәліметінше, "Милан" өкілдері Роналдудың агенті Жорже Мендешпен келіссөздер жүргізген. Олар агенттен португалиялықтың жаңа жерге ауысатын ойы бар ма немесе Роналду "Реалдан" кетемін деген күні ескертуін сұраған. Мендешпен "Реал" бас директоры Марко Фассоне мен клубтың спорттық директоры Массимо Мирабелли келіссөз жүргізген. Сайт мәліметінше, "Миланның" Роналдуды сатып алу ойы қаншалықты ойға қонымды екені белгісіз.

Биыл жазда Роналдудың "Реалдан" салық мәселесі үшін кететіні туралы ақпараттар шыққан. Алайда Криштиану Роналду таяуда "Реал" президенті Флорентино Переспен телефон арқылы сөйлесіп, клубтан кететін ойы жоқ екенін жеткізген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети