15 қазан 2014 18:12

Моңғолия футбол федерациясының президенті қызметінен бес жылға аластатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото the-mff.mn сайтынан алынды Фото the-mff.mn сайтынан алынды

Моңғолия футбол федерациясының президенті Ганболд Буяннэмэх футбол саласында қызмет етуден бес жылға аластатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.


Моңғолия футбол федерациясының президенті Ганболд Буяннэмэх футбол саласында қызмет етуден бес жылға аластатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде бүгін ФИФА-ның ресми сайтында жарияланды. Ол катарлық Мохаммед бин Хамамнан 2009 жылы ФИФА-ның Атқару комитеті сайлауында, содан соң 2011 жылы ФИФА президенті сайлауында пара алған деп айыпталып отыр.

Ал Мохаммед бин Хамамның өзі маусым айында футболдан өмір бойына аластатылған болатын. Онда ол 2011 жылы Кариб футболы одағының өкіліне ФИФА президенті сайлауы кезінде Зепп Блаттерге дауыс беруі үшін пара берген деп айыпталған.

Моңғолия федерациясының президенті Ганболд Буяннэмэхтің футбол саласында қызмет ету құқынан аластатылу мерзімі бүгіннен, яғни 15 қазаннан басталады. Бұл шешімді Ханс-Йоахим Эккерттің төрағалық етуімен ФИФА-ның Этика жөніндегі комитетінің сот палатасы шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети