29 мамыр 2018 11:32

Мысырлық адвокат Серхио Рамостан бір миллиард еуро өндірмекші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырлық адвокат Бассем Вахба Чемпиондар лигасының финалында Мысыр ұлттық құрамасы мен "Ливерпульдің" шабуылшысы Мохамед Салахты жарақаттаған мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Серхио Рамосты бір миллиард еуроға жазаға тарту үшін сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Goal.com порталы хабарлап отыр.

Финалдық кездесудің 30 минутында Салах жарақатына байланысты алаңнан кеткен болатын. Оның орнына Адам Лаллана шыққан болатын. Ал кездесу 3:1 есебімен "Реалдың" пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Салахты жарақаттағы үшін Рамос кездесудің бас төрешісі сербиялық Милорад Мажичтен ешқандай ескерту алған жоқ.

Егер Вахба бұл істе жеңіске жететін болса, бір миллиард еуроны қайырымдылық қорына аударатынын айтады. Шағымды ол ФИФА-ға түсірген. Бірақ Чемпиондар лигасын УЕФА өткізеді.

"Рамос Салахты әдейі жарақаттады. Сол үшін де жазалануы керек. Мен ФИФА-ға шағым білдірдім. Мен өтемақыны талап етіп отырмын. Рамостың Салах пен Мысыр еліне келтірген физикалық және психологиялық залалы үшін ол бір миллиардтан асып кетуі мүмкін", - деді адвокат мысырдық Sada El-Balad арнасының эфирінде.

Бұған дейін Мысырдың спорт министрі Халед Абд Эль-Азиз Салахтың емделуіне екі апта кететінін және оның 2018 жылғы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігіне қатыса алатынын айтты. Әлем біріншілігінде Мысыр құрамасы А тобында Ресей, Уругвай және Сауд Арабиясымен бір топта ойнайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети