23 шілде 2014 09:03

Никитенко "Атырау" клубының бас бапкері болып бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото rfcatyrau.kz сайтынан Фото rfcatyrau.kz сайтынан

Қазақстандық маман Владимир Никитенко "Атырау" футбол клубына бас бапкер болып бекітіліп, екеуара келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстандық маман Владимир Никитенко "Атырау" футбол клубына бас бапкер болып бекітіліп, екеуара келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Негізі, Никитенконың "Атырау" клубына бас бапкер болып тағайындалғаны осыдан бірер күн бұрын белгілі болған. Бірақ мұнайлы өлкенің футбол клубы бұл ақпаратты ресми түрде бүгін ғана жариялады.

Бұған дейін "Атырау" клубының бас бапкері болған Беларусь маманы Владимир Белявский отставкаға кеткен болатын. Ал былтырдан бері "Ақтөбе" клубының тізгінін қолына ұстап келген Никитенко жақында өткен маусымдағы ел чемпионымен келісімшартын үзген...

57 жастағы Никитенко мен "Атырау" клубы арасындағы келісімшарт мерзімі әзірше маусымның аяғына дейін ғана екен. Осы ретте айта кетейік, бұл – Никитенконың "Атырауға" екінші рет келуі.

2001 және 2002 жылдары Владимир Андреевич Ваит Талғаевпен бірге "Атырауды" өрге сүйреген. Мұнайлы өлкені клубы сол жылдары екі рет ел чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Жалпы, Никитенко бапкерлік қызметті 90-жылдары бастап, содан бері "Химик" (Жамбыл), "Достық" (Алматы), "Актюбинец" (Ақтөбе), "Елімай" (Семей), "Қайрат" (Алматы), "Қайрат-Бутя" (Алматы), "Атырау", "Терек" (Грозный, Ресей), "Қайсар" (Қызылорда), "Ақтөбе" клубтарында еңбек етіп, талай жетістікке қол жеткізді.

Әсіресе, "Елімаймен" 1995 жылы үш белесті де (Қазақстан чемпионаты, кубогы, суперкубогы) бағындырып, жеңімпаз атанған... Енді "Атыраудың" тасын өрге домалатады деп сенеміз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети