14 тамыз 2014 17:55

"Ордабасы" ФК бұрынғы президенті бес жылға бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ордабасы" ФК бұрынғы президенті - Қайсар Әбдрайымов. ©www.diapazon.kz "Ордабасы" ФК бұрынғы президенті - Қайсар Әбдрайымов. ©www.diapazon.kz

"Ордабасы" футбол клубының бұрынғы президенті Қайсар Әбдрайымов және клубтың бұрынғы Жүсіпбек Бартекеев бес жылға бас бостандықтарынан айырылды, -деп хабарлайды Timeskz.kz. БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, клубтың бұрынғы президенті клубтың бапкері, қылмыс әлемінде зор абыройға ие Бартекеевқа бес миллион теңге айлық төлеген. 

Жүсіпбек Бартекеев клуб қатарында бапкер міндетін атқарып, Әбдрайымов президент болып тұрған кезде ақша алып тұрған. Тергеушілердің айтуна қарағанда, "Ордабасы" ФК қызметкерлері жалған бухгалтерлік құжаттар жасап, өзге де қаржылық алаяқтық жасаған. Қылмыстық іс сеніп тапсырылған үлкен көлемдегі дүние-мүлікті заңсыз меншіктеу фактісі қозғалды. Сотталушы Бартекеев, құқық қорғау органы мәліметі бойынша, бұған дейін қаруды өзімен бірге заңсыз алып жұргені, сақтағаны және тасымалдағаны үшін сотталған.

Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Шара Бийсимбиева айыпталушыларды бес жылға бас бостандықтарынан айырды. Дегенмен, алдағы уақытта сот үкімінің шешіміне шағым түсірілуі мүмкін. Бұған дейін бұл іске "Ордабасы" ФК өзге де қызметкерлерінің қатысы бар екені айтылған. Қылмыстық іс Бартекеевті бапкер және менеджер қызметіне қабылдаған клубтың бұрынғы директоры Бақыт Байбұтаевқа да қатысты қозғалды. Оның бұл әрекетінен клуб 1,2 миллион теңгеге шығынға батқан. Сондай-ақ күдіктілердің қатарында клубтың экс-президенті Евгений Шкарин де бар. Қаржы полициясының ақпараты бойынша, ол Бартекеевке 582 мың теңге аударған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети