Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Пеле Samsung компаниясын сотқа берді

30 Наурыз 2016, 10:07
0

Бразилиялық футболшы Пеле өзіне ұқсас адамды жарнамаға заңсыз пайдаланғаны үшін Samsung компаниясынан 30 миллион доллар талап етіп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости

Жарнама The New York Times басылымында былтыр қаңтар айында жарияланған болатын. Оған дейін компания Пелемен оның образын жарнамаға пайдалану туралы келісімшартты тоқтатқан екен. Футболшының шағымында жарнамаға футбол жұлдызына қатты ұқсайтын адамның фотопортреті пайдаланылғанымен, Пеленің есімі аталмағаны айтылады. Сонымен қатар, роликте Пеленің "қайшы соққы" жасағаны бейнеленген кішігірім сурет те бар. Футболшының адвокаттары бұл жарнаманың тұтынушыларды жаңылыстырып, Пелеге деген қызығушылықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін айтып отыр.

Айта кетейік, Пеле деген атпен танымал болған футболшы Эдсон Арантис ду Насименту 1940 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Ол үш дүркін әлем чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша XX ғасырдың үздік футболшысы атанған. Халықаралық Олимпиада комитетінің нұсқасы бойынша да XX ғасырдың үздік спортшысы болды. Бразилия құрамасында 92 матч өткізген футболшы 77 гол салыпты. Time басылымының тұжырымы бойынша, ол әлемдегі ең ықпалды 100 адамның қатарына кіреді. 1990 жылдың екінші жартысында Пеле Бразилияда жастар, спорт және туризм ісі бойынша министр қызметін де атқарды. Сонымен қатар, ол киноактер, телекомментатор, бизнесмен, өз әндерін оорындауымен де танымал.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай