07 сәуір 2019 11:43

ПСЖ футболшысы Instagram желісінде лайк басқаны үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Benoit Tessier © REUTERS/Benoit Tessier

Француздық "Пари Сен-Жермен" клубының жартылай қорғаушысы Адриен Рабьоны Instagram желісінде "Манчестер Юнайтед" экс-қорғаушысы Патрис Эвраның жазбасына лайк басқаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Marca.

Эвра Instagram желісіндегі парақшасында Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қорытындысы бойынша "МЮ" ПСЖ-ны жеңгеніне байланысты қуанып жатқаны видеосын жариялаған. Осы видеоны тамашалап, лайк басқан Рабьоның әрекетіне наразылық білдірген клуб өкілдері оған тәртіптік жаза қолданды - алты ойынға қатыспайды. 

Осы маусымда Рабьо ПСЖ сапында 20 ойын өткізіп, екі гол салды. Осыған дейін, Франция құрамасының хавбегі мадридтік "Реалға" ауысу туралы ауызша келісім алғаны айтылды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети