22 мамыр 2017 09:05

"Реал Мадрид" 33-ші рет Испания чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© skysports.com © skysports.com

Мадридтің "Реал" футбол клубы Испания чемпионы атанды. Зиннедин Зидан шәкірттері соңғы турдағы ойынын сырт алаңда өткізіп, "Малаганы" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мадридтің "Реал" футбол клубы Испания чемпионы атанды. Зиннедин Зидан шәкірттері соңғы турдағы ойынын сырт алаңда өткізіп, "Малаганы" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ла лигадағы чемпиондық атаққа талас соңғы турға дейін сақталды. Маңызды ойында "Реал" командасы ұпайдан шашау шығармады. "Малаганы" 2:0 есебімен ұтып, чемпиондық атаққа қол жеткізді. "Корольдік клуб" сапынан Криштиану Роналду мен Карим Бензема гол соқты.

Соңғы сәтке дейін чемпиондық атақтан үмітті болып келген "Барселона" өз алаңында "Эйбармен" кездесті. Каталондық клуб бірінші таймда ұтылып шығып, екінші тайм қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңіске жетті.

"Реал" өз тарихында 33-ші рет Испания чемпионы атанды. Соңғы рет команда бұл атаққа 2011/2012 жылғы маусымда қол жеткізген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети