20 сәуір 2017 10:00

"Реал" ойыншысы "Қайратқа" қолдау көрсету үшін видео түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марсело. © "Реал Мадрид" Марсело. © "Реал Мадрид"

Мадридтік "Реал" лидерлерінің бірі, Бразилияның бұрынғы қорғаушысы Марсело УЕФА кубогындағы "Төртеудің финалының" алдында алматылық "Қайрат" командасына қолдау көрсету үшін видео түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, турнир 28-30 сәуір аралығында өтеді.


Мадридтік "Реал" лидерлерінің бірі, Бразилияның бұрынғы қорғаушысы Марсело УЕФА кубогындағы "Төртеудің финалының" алдында алматылық "Қайрат" командасына қолдау көрсету үшін видео түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, турнир 28-30 сәуір аралығында өтеді.

"Сәлем, менің атым Марсело. Сендерге айтайын дегенім, футзалдан УЕФА кубогында мен "Қайратқа" жанкүйермін. Ал сен ше? Алға, "Қайрат", - делінген Марселоның видеосында.

Айта кетейік, "Реалдың" қорғаушысы Марсело -"Қайраттың" қақпашысы Игитаның досы. Марсело осыған дейін алматылық командаға қолдау көрсетіп жүрген еді.

 

Марсело @marcelotwelve «Қайрат» @afckairat футзал клубын қолдады Әлем футболының жарық жұлдызы, мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының ойыншысы сәуірдің 28 мен 30 күні Алматыда өтетін УЕФА Кубогының төрттік финалында «Қайратты» қолдайтынын білдіріп, видео үндеу жолдады. УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Баварияға» қарсы матчта үздік атанған футболшы «Реалдың» киім ауыстыру бөлмесінде видео жазған. «Сәлем! Менің атым Марсело. Сендерге айтайын дегенім, футзалдан УЕФА Кубогында мен «Қайратқа» жанкүйермін. Ал сен ше? Алға, «Қайрат», - деді Марсело. Естеріңізге салайық, футзалдан УЕФА Кубогының төрттік финалы «Алматы Аренада» өтеді. Алматылықтар жартылай финалда «Интермен» кездеседі. Мадридтік команданың сапында Әлемді шеберлігімен мойындатқан Рикардинью ойнайды. Билеттер «Меломан», «Алматы Арена», «Халық Арена», Республика сарайы, Балуан Шолақ ат. спорт кешенінің кассаларында, сонымен қатар ticketon.kz, kassir.kz, zakazbiletov.kz сайттарында онлайн сатылуда.

Публикация от KAIRAT FUTSAL (@afckairat)

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети