11 сәуір 2017 21:37

"Реалдың" жеті ойыншысы Роналдуға қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Eurosport © Eurosport

Мадридттік "Реалдың" жеті ойыншысы клуб бапкері Зинедин Зиданнан шабуылшы Криштиану Роналдуды қосымша ойыншылар қатарына қосуды сұрады, - деп хабарлайды "Вести.Ру" Don Balon журналына сілтеме жасап.


Мадридттік "Реалдың" жеті ойыншысы клуб бапкері Зинедин Зиданнан шабуылшы Криштиану Роналдуды қосымша ойыншылар қатарына қосуды сұрады, - деп хабарлайды "Вести.Ру" Don Balon журналына сілтеме жасап.

Ойыншылар португалиялық футболшыға берілетін артықшылықтар мен оның тәкаппарлығына наразы, сондай-ақ ол алаңда бар күшін салып ойнамайды екен-мыс. Ал алаңда аты шыққан емес, дайындығы жақсы ойыншылар өнер көрсетуі керек дейді олар. Басылым мәліметі бойынша, "Алтын допты" төрт рет иеленген португалдыққа Альваро Мората, Марко Асенсио, Гарет Бэйл, Матео Ковачич, Лука Модрич, Лукас Васкес және Тони Кроос қарсы.

Клуб өкілдері мұндай әңгіменің болмағанын және бұл эль-классико алдындағы журналдың шығарған шуы екенін айтады. Осы арқылы олар "Барселонамен" маңызды ойын алдында командаға іріткі салмақ екен деген пікір айтады.

Don Balon журналы Барселонада шығатынын айта кету керек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети